Кездейсоқ махаббат
Бұл бетте «Кездейсоқ махаббат» атты Оспанхан Әубәкіров жазған махаббат туралы өлең берілген.
Кеше кешкілік
Екі қыздың әңгімесін естідік,
– Әй, бір кісі маған сөз айтты.
Соңымнан қалмай өзі айтты.
– Аты-жөні кім екен?
– Фамилиясын сұрамадым,
Аты какой-то Жұмекен.
Институт бітірген, видимо доцент.
Но орысша сөйлесе,
Сплошной қазақбайский акцент.
Отырсам бақылап,
Қызметі зор, бес жүз сом оклад.
Квартирам бар дейді центрде,
Говорит жарымай қойдым кемпірге,
Паркке бардық мы потом.
– Биледіңдер ме?
– Куда, с таким животом.
Өзі сондай толстяк,
Как Шекспировский Фальстаф.
Да такой он чудак.
Кеше мұрны шулап,
Прямо мойныма асылды,
Ерні бір кусок піскен ет секілді.
Көзін жұмып алған,
Мойнымнан тістемек секілді.
Мен так итеріп жібердім,
Что ол кекіріп жіберді.
Айтады:
«Қарындас, шошымайық, шошымайық.
Дабай, қосылайық».
– Вот, дура, ладно демедің бе?
Саған осы лайық.
– И так сама солай дедім.
* * *
Уа, махаббат, соншама оңай ма едің!?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі