Қытық
Бұл бетте «Қытық» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ар-ұятының қытығы жоқ,
Адамға
Әманда:
«О, бетінің қытығы жоқ,
Бетсіз», – дейді.
Мұндай қорлықты естіген адамды,
Қариялар: «тексіз», – дейді.
Соған қарағанда,
Адамның арғы атасы Ар болу керек.
Жалпы мұндай ұғым
Баяғыдан бар болу керек.
Бәлкім, жұрттың өсегі
Осы қытық есебі
Ар-ұяттан туған деседі.
Сондықтан бұ қытық
Бетімізді қоныс еткен.
Содан бері ар-ұятымыз үшін
Жанын салып көп іс еткен.
Осы қытықты қорғаймыз деп
Ертеде көп соғыс еткен.
Ал бүгінде
Кейбір есірген
Қытығын басқа жаққа көшірген –
Қолтығына қуып тыққан,
Біреулер бөксесіне жіберген,
Біреулер сонау өкшесіне жіберген.
Енді біреулер қытығын
Түу табанына түсіріп жіберген.
Ал, енді біреудің
Не бетінде,
Не етінде,
Ырымға қытығы жоқ.
Жұрдай,
Тып-типыл,
Тыр жалаңаш.
* * *
«Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді»
Деп мақалдаймыз.
Осы сөзді жаттап ал,
Ақы алмаймыз.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі