Ине мен жіп
Бұл бетте «Ине мен жіп» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дәреже қуған дәуір ғой,
(Дізерлеп отырғанша,
Қоқиып отыру тәуір ғой).
Инеге бір ой келді,
«Жұрттың түймесін қадап,
Құйрығын жамап,
Бүгісін бүгіс қып,
Тігісін тігіс қып,
Көр-жер жұмыс қып,
Оймақпен ойнап жүргенде,
Алдынан ешкім өтпейтін,
Қаптың аузын көктейтін
Тебеннің өзі боламын,
Дегеннің өзі боламын.
Одан өсіп Біз боламын» , –
Деп ине пайымдады,
Жіпке де орын дайындады:
– Бұл тірлік бізді жүдетеді.
«Ине өткен жерден жіп өтеді»,
Менің артымнан қалма,
Бақандай шуда жіп боласың,
Қаптың аузын «ұратын»
Нағыз ұр да жық боласың.
Сөйте-сөйте арқан болып кетесің,
Жіп боп жүріп не етесің,
Сонымен Ине өсіп Біз болды,
Етікші бір жарып жүр,
Жіп өсіп арқан болды,
Әйелдер кір жайып жүр.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі