Мұңайма
Бұл бетте «Мұңайма» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаз гүліндей назың қайда
Неге жаным мұңайдың?
Мен сүйетін әнің қайда
Жадырашы шырайлым
Қайырмасы:
Жаралағандай сағыныштан
Қайда сенің жақсы әнің
Жүрегімді жарып ұшқан
Дауысыңды аңсадым
Көрмегелі айлар өтті
Жұлдыз бардым, ай бардым
Ерке назың қайда кетті?
Қабағыңнан айналдым
Қайырмасы:
Жаралағандай сағыныштан
Қайда сенің жақсы әнің
Жүрегімді жарып ұшқан
Дауысыңды аңсадым
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі