Біздің ағай тамаша
Бұл бетте «Біздің ағай тамаша» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біздің ағай қызық адам тамаша,
Қызығы бар сан жетпейтін санаса.
Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық —
Томпаң қағып жүгіреді балаша.
Қайырмасы:
Жеңгей кетсе қыдырып,
Кеш келеді күн жүріп,
Ағай үйде отырады,
Шалпылдатып кір жуып,
Біздің ағай тамаша.
Бұл ағайды жеңгеміз де мақтайды,
Жамандауға тіл-аузы батпайды.
Қалай ғана мақтамасын жеңешем,
Мұндай адам дүниеден таппайды.
Қайырмасы:
Жеңгей кетсе күн ұзақ,
Дүкен кезіп зар илеп.
Ағай үйде отырар,
Кеспе кесіп, нан илеп,
Біздің ағай тамаша.
Кейбіреулер үй шаруасын қалайда,
Жұбайларға ортақ іс деп санай ма?
Жолдасыңа көмектессең несі айып,
Жан жетпейді-ау, шіркін, біздің ағайға.
Қайырмасы:
Кім осылай жұбайын
Құрметтейді пір тұтып,
Ағай отыр, мінеки,
Көрпе көктеп, жүн түтіп,
Біздің ағай тамаша.
Үй ісіне мойнымызды бұрмадық,
Жүріппіз ғой көп нәрседен құр қалып.
Кел, жігіттер, сеп болайық әйелге,
Аз да болса осы ағайдан үлгі алып.
Қайырмасы:
Сенбесеңдер сөзіме,
Қараңдаршы жай байқап.
Ағай отыр, әнеки,
Құрт қайнатып, май шайқап,
Біздің ағай тамаша.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі