Құпия кеуде – сейфтегі
Бұл бетте «Құпия кеуде – сейфтегі» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құпия кеуде – сейфтегі
Жүрек сырын ақтардым:
Сенсің – монтан кейіптегі
Атқан, Таң мен батқан Күн.
Әрі-сәрі қылған мені
Сөнсе үмітім – біткенім.
Отыз жеті жылдан бері
Сен емес пе күткенім?!
Сенсің мені еткен Ақын,
Жырмен дертін жеңетін:
Көзімді ашсам – жоқ болатын,
Жұмсам – жұмбақ енетін.
Сен емес пе жарыстырған
Желмен жебір желөкпе,
Қыр гүлімен табыстырған,
Теліп жасыл желекке.
Сенсің сұлу қайыңменен
Мұңдастырған көктемгі –
Отастырған уайымменен,
Өшірген де өкпемді?!
Жаз аптабы қаны кепкен
Жайсыз тиіп, жұлқындым.
Сенсің мені Тәңірі еткен,
Құлы қылмай құлқынның.
Қыс қарыды – қорынбадым,
Тоң астында тұншықтым.
Уақыт – шебер қолындағы
Шыр айналған ұршықпын.
Тағдыр жаншып, басты аямай,
Мен – тамыры семген тал.
Сенсіз – аспан асты аядай,
Жердің үсті – көрден тар.
Жарамсақтай жалған күліп,
Жатқа көзім сүзбедім –
Аядайдан арман қуып,
Тардан бақыт іздедім!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі