Сырты – құзар қия-шыңдай
Бұл бетте «Сырты – құзар қия-шыңдай» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырты – құзар қия-шыңдай,
Ішін әлі-ақ танытар...
Құрқылтайдың ұясындай
Әрі қуыс, әрі тар.
Аяғыңа тас байлатып,
Артар жүгін иыққа –
Қырқадан құр аспай жатып,
Тірелесің тұйыққа.
Енуге – бар,
Шығуға – жоқ
Кез боп тылсым Құдіретке,
Хақ бұйрығы – бұғынған оқ
Қадалады жүрекке...
Қайран Ақын тасып-толған,
Қайғы жұтпа, күрсінбе!
Қол жетпеске асық болған
Жалғыз мен деп жүрсің бе?!
Естен жиі тана берме,
Сонша іңкәр боп не етесің?!
Сен де бір күн қара жерге
Судай сіңіп кетесің!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі