Бұғы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бұғы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2264
Тоқтап қалдық ат сабылтпай,
Кетті бұғы зулап ағып.
Қалды артымда ақша бұлттай
Бір аппақ шаң шудаланып.
Мұнарланып шаң астында,
Қарауытып қалды күндіз.
Жер мен көкті жалғастыра
Барады ағып жалғыз жұлдыз.
Тиіп қолға жаңада ерік
Салғандай ол өзін сынға.
Жалғыз меңдей барады еріп,
Жалғыз нүкте көз ұшында.
Жер дүбірлеп,
Жел гуілдеп,
От ұшады тұяғынан.
Аспанға тік,
Шапшаң атып
Секіреді қия қырдан.
Кім тоқтатып жол бөгейді
Кім алады қарауылға.
Тек дүние дөңгелейді
Тамшы жас боп жанарында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұғы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бұғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұғы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері