Байыдым батар күндейін

Бұл бетте «Байыдым батар күндейін» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Байыдым батар күндейін,
Суалды сезім! Бітті! Жоқ! –
Демеймін! Деуге жыр бейім,
Көншімей көңіл күпті боп.
Жасыны ойнап жанымның,
Кеудемнің көгін бұлт басты.
Тәубемнен сәтке жаңылдым,
Кесілген тұлдай құлыпасты.
Тамұққа тасталғаныма
Кісенсіз күйде
Қорынам.
Бөгдемен бостан бағыңа
Қарадым тағдыр торынан.
Қарадым-дағы түңілдім,
Түңілдім-дағы түсіндім:
Жалғандығына
– Дариға-Ғұмырдың,
Жоқтығына –
Ғашық-Кісімнің!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері