Сен менен кеткенменен
Бұл бетте «Сен менен кеткенменен» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен менен кеткенменен,
Мен кетпеймін –
Жанымды-жүрегімді еңіретпеймін.
Қыр соңыңнан қалмаймын өле-өлгенше:
Жүгіремін,
Желемін,
Еңбектеймін...
Өмір-бақи өтемін жетегіңде,
Тауға шықсаң тұрамын етегінде.
Үйіңе енсең – күзетем есігіңді,
Жалт қарасаң жетеді кетеріңде.
Сен менен қалғанменен,
Мен қалмаймын.
Жаңбыр жаумай су-сумын, малмандаймын.
Қия алмай жататұғын жар төсегін
Жып-жылы күнімізді армандаймын.
Сен менен безгенменен,
Мен безбеймін.
Безетін сыңайыңды сезгендеймін.
Өзгерсең өзің өзгер,
Өз болмысым
Өзіммен бірге өледі!..
Өзгермеймін!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі