Бекет ата
Бұл бетте «Бекет ата» атты Гүлнәр Науырша жазған ата туралы өлең берілген.
Бардым Ата басына,
Қарадым биік тасына.
Тіл қатқандай ол маған,
«Батыл бол, қызым, жасыма!».
Дін мұсылман келеді,
Сізге сәлем береді.
Аруағыңыз жан Ата,
Желеп-жебеп жүреді.
Мединеде - Мұхаммед,
Түркістанда - Қожахмет.
Маңғыстауда - пір Бекет,
Деп сыйынып баршасы,
Үлкен-кіші, кәрі-жасы,
Құран-Кәрім оқиды,
Өсиетіңді тоқиды.
Сізден жәрдем күтеді,
Күн-түн демей жетеді.
Жанына медет сұрайды,
«Күнәмді кеш!»,- деп жылайды.
Қайта-қайта келеді,
Шапағатыңа сенеді.
Рахым қылып қолдасаң,
Бәрін де Ата жеңеді.
Өзіңе кием табынам,
Табынам және жалынам.
Мінәжат етер ұрпағың,
Түсіре көрме, тағынан.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі