Мұқағалиға
Бұл бетте «Мұқағалиға» атты Гүлнәр Науырша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құдіретіңе табындым,
Келеді Сізге ағылғым.
Жырыңыз неткен ғажайып,
Шуағына малындым.
Жырдан тауып шипаны,
Шымырлатып құйқаны.
Жаздыңыз өлең күні-түн,
Қандырғанша аңқаны.
Сені де мұңдар мұқалтты,
Жүйкеңді жұлып жұқартты.
Далбаса өмір дағдарсам,
Жырыңнан жаным жай тапты.
Өзіңмен бірге бұрқандым,
Көңілсіз кейде бұл таңым.
Сырласымдай сол сәтте,
Жырыңмен сұлу бір қалдым.
Бір қалдым және өзіңмен,
Мұңайған нала кезіңмен.
Ағылды моншақ көзімнен,
Өлеңге және өзіңе,
Сағыныш сері сезімнен...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі