Сұлу дүние
Бұл бетте «Сұлу дүние» атты Гүлнәр Науырша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұлу дүние өзгерген,
Текетірес езбенен.
Жанымның бұлқыныстарын,
Жеткізе алмадым сөзбенен.
Өлеңге сосын еремін,
Өлеңмен ойды өремін.
Ойды түйер жан болса,
Алар деп одан керегін.
Қызыл тіл ол-безенген,
Найзадай боп кезенген.
Басады жатқан жыланды,
Кейбіреулер сезем мен.
Өлеңге түсер тілменен,
Кеңесейін кеңменен.
Керілдесіп оңам ба,
Туасы жаман керменен.
Сонда да сырттан нұқиды,
Кеудесін соғып қоқиды.
Күліп айтсаң көкиді,
Түйіп айтсаң кекиді
Санамен қашан тоқиды?!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі