Жабырқама, жүрегім
Бұл бетте «Жабырқама, жүрегім» атты Гүлнәр Науырша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жабырқама жүрегім, жабырқама,
Қарап қалдың сен неге назырқана.
Мендегі бар бақыттың иесі өзің,
Бәрін де ал әйтеуір азырқама.
Азырқама, жүдеме, уайымдама,
Салмақ түссе сөздерден пайымда да.
Кіп-кішкентай періштем мен қайтейін,
Сен ортақсың мұңыма, қайғыма да.
Мұңыма да ортақсың, шаттығыма.
Шаттық болса, көңілдің ақтығы да.
Тілегім - сен мүдіріп қысталмасаң,
Тәтті өмірдің мына сан соқпағында.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі