Гүл ұсыншы
Бұл бетте «Гүл ұсыншы» атты Гүлнәр Науырша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Гүл ұсыншы жанымды жадыратсын,
Өзгелерге құрбыңның қадірі артсын.
Гүл сыйланбай жүргелі көп болыпты,
Жүрегімді, жүзімді албыратсын.
Гүл ұсыншы қандай гүл бола берсін,
Сезімдерге самал-нұр ала келсін.
«Ескерткішке берді»,-деп еске алайын,
Хош иісі аңқып ол тұра берсін.
Гүлден артық сый бар ойланшы өзің,
Білсең егер осы сәт қимас кезім.
Гүлмен бірге шаттанып күлімдейін,
Жанымның жараларын бір емдейін.
Гүл сыйлашы қызыл, жасыл, сарысын,
Жан сыздатқан жүрек мұңнан арылсын.
Гүл-махаббат, гүл-сезімнің бүршігі,
Гүлмен бірге үміт оты жағылсын...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі