Өмір – Шындық
Бұл бетте «Өмір – Шындық» атты Иран-Ғайып жазған шындық туралы өлең берілген.
Өмір – Шындық
Өлім дейтін – Өтірік,
Өлемін деп опық жеме өкініп.
Күннің нұрын,
Жер жылуын мәңгілік
Қызықтай бер құлпытастай бекініп.
Құлпытас та,
Адам да бір,
Гүл де бір,
Тек үшеуі үш күйде – үш түрде жүр.
Екеуі үшін үшіншіге тиіспе,
Жұлар болсаң –
Үшеуін де бірге жұл!
Жұлған замат әз шындығын жасырар,
Гүл – Адамға,
Адам – Тасқа бас ұрар.
Бас ұрған сәт өркен жайып Өтірік,
Дүниенің берекетін қашырар.
Біле білсең –
Гүл де – Адам –
Тас та – Адам –
Бір-бірінсіз әсте қия баспаған.
Өмір – Шындық,
Өлім дейтін – Өтірік,
Жан бола ма Өтіріктен қашпаған?!
Біз білмейтін құпиясы бар тағы:
Гүл – Адамға,
Адам – Тасқа тартады.
Уақыт санап бір күйге – бір түрге еніп,
Үштік Одақ ынтымағы артады.
Күнің де – Күн,
Түнің де – Күн – білгенге,
Қаділ болғын –
Күрсінгенде,
Күлгенде! –
Гүлдей нәзік денең тасқа айналып,
Қайғы ойлама Қара Жерге кіргенге!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі