Болмыс
Бұл бетте «Болмыс» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тал бойынан танытқан адалдықты,
Шын періште сияқты ол маған тіпті.
Асқақтығы кем емес хор қызынан,
Қарапайым бірақ ол болмысынан.
Тұнық тамшы секілді мөлдіреген,
Тұнық сезім тек содан көрдім ерен.
Табылса да нәзіктік бір өзінен,
Батылдығын байқадым мінезінен.
Болса да көрікті аймен таласатын,
Одан да биік еткен парасатын.
Қыста да арылтпайтын бағын гүлден,
Жаны-көктем сол жанды сағындым мен.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі