Алғашқы махаббатқа
Бұл бетте «Алғашқы махаббатқа» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен тұратын көшеге тұңғыш аттап,
Есіңде ме,барғаным гүл құшақтап.
МЕН келемін сол түнгі сырды сақтап,
СЕН жүрмісің мен берген жырды сақтап?
Қызғаныштан кетсін деп қызып қаным,
(Тентектердің қоюшы ең тізіп бәрін.)
Сенер болсаң мен бүгін сен түгілі,
Сол көшенің сағындым бұзықтарын.
Сырты шаттық болғанмен іші мұңды,
Жүрегім -саған алғаш ұсынылды.
Гитарамен сонда алғаш ән шығардым,
Суреттеп гитара бел мүсініңді.
Қоштастық қимай сол бір шақтарменен,
"Пәк сезім" жоқ біздер бақ тапқанменен.
Ұят болды-ау саған деп жазған жырлар,
Болған еді ол кезде жаттанды өлең...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі