Бойжеткен
Бұл бетте «Бойжеткен» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені көргенімде үйленген ем,
Сондықтан жақындауға именген ем.
Қол ұстасу керегін білгенменен,
Шалыс басу әдеттен жиренген ем.
Сенімен танысқанда бойдақ емен,
(Жүрмеймін баяғыдай тойлап ерен)
Құлпыңды ашам кел маған демесем де,
Сыр тыңдасам деген бір ойға келем.
Тағы бір жолыққанда жарым болған,
Мен үшін аянбайды ол барын қолдан.
Кешір мені кешіңе соғалмаймын,
Көшім кері бұрылмас жарым жолдан.
Түсін мені бойжеткен үйленген ем,
От сезімге болса да күйген денең.
Шалқып басып өмірде жүргенменен,
Қолтықтасып кеталман сүйгенменен...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі