Виртуал

Бұл бетте «Виртуал» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрмін сенен нәр алып,
Арманымды ақсатпа.
Күтем жақсы жаңалық,
Кірсем жиі ватсапқа.
Өлең етіп сөйлемді,
Мүсініңді қашадым.
Көру үшін бейнеңді,
Инстамды ашамын.
Тілдесетін жекеден,
Әлеміңде Мен бар шын.
Желілерден кетер ем,
Фейсбукте Сен барсың.
Заманымыз айналған,
Әлеуметтік теңізге.
Тағдыры бар байланған,
Сайттардан мені ізде..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері