Сезім қайнап, қаймықпай жел өтінен
Бұл бетте «Сезім қайнап, қаймықпай жел өтінен» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезім қайнап, қаймықпай жел өтінен,
Дауылда да сан қызбен кеңесіп ем.
Бозбала шақ, әліде қол бұлғайды,
Өткен күннің оралмас елесінен.
Аласы көп болса да бересінен,
Қайран күндер кетер ме ер есінен.
Толқын уақыт барады толқындатып,
Жастығымды ұзатып кемесімен.
Артта қалды алшақтап кейінгі өмір,
Сайран өтті, бүгінге дейін небір.
Ауыздықпен алысып, асау жастық,
Бас бермей жүр әлі де ойын көңіл.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі