Мен
Бұл бетте «Мен» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен
Тауға барсам да,
Бауға барсам да барі-барінде жүретін жолдың...
Сезіммен тылсым
Бөліскен сырды,
Корғайтын менің
Періштем сынды
Сол жағымда өмір сүретiн болдың.
Көңілімді де,
өмірімді де
Жайнатар сенсің гүл өпкен АРМАН.
Ән-жырымды да,
Тағдырымды да
Жап-жарық етер бір шырақ сенсің,
Жүректе жанған.
Жалған мұңым ба,
Калған гұмырда
Сендегі сертпен байланған едім?
Тағдырдың озі әсiлi мұңлы,
Кешірсін Алла асылығымды,
Мен сүйген АРМАН
Күннен де сұлу,Айдан да Керім!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі