Тәуелсіз елім - дара шың
Бұл бетте «Тәуелсіз елім - дара шың» атты Жангелді Немеребай жазған отан туралы өлең берілген.
Қазақтың байтақ даласын
Шарлады бүгін Алаш үн.
Әлемге атын паш етті
Тәуелсіз елім - дара шың.
Ұрпаққа бақыт сыйлаған,
Жер үшін күшін тыймаған.
Батырларымен қазақтың
Аңызға толы күй-далам.
Ата-жұрт - ұлы қонысым,
Жан қиған бабам сол үшін.
Менің де, сарбаз сенің де
Отанды қорғау - борышың.
Көркейген елді асқақтай,
Қорғайық біздер қас қақпай.
Егемен елдің ұрпағын
Жүрейік жаудан жасқатпай.
Жеткізді Тәңір баққа шын,
Жау оғын енді атпасын.
Сан соғыс көрген қазақты
Қантөгістерден сақтасын.
Әумин
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі