Аспан да ертеңгісін тұрған ашық

Бұл бетте «Аспан да ертеңгісін тұрған ашық» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аспан да ертеңгісін тұрған ашық,
Қаланған тау тастары - бір қалашық.
Тездетіп, «Қора тасқа» жетіп келдік,
Мал жайған жерді қарап қырдан асып.
Ұлыған итті көрдік қаңсылаған,
Үстінен қып-қызыл қан тамшылаған.
Далада қой күзетіп түніменен,
Алысып аюменен қансыраған.
Деді әкем: «Енді саған қой бақтырман,
Ит екеш ит те ерлікпен айбат қылған.
Байқаймын малдың басы түгелдеу ме,
Болмаса екі-үшеуі жайрап тынған».
Сол иттің арқасында далада аман,
Бір топ қой «Қора тасты паналаған».
Ойласам атам қазақ итті ежелден
Бекерге қазынаға баламаған.
Адамдар иттен рас епті шығар,
Ал, иттің сәл ақылы аз тек күші бар.
Десек те бір-біріңді «итсің» деме,
Иттің де дәл осындай тектісі бар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері