Тауқыметтің бір шама татқан дәмін

Бұл бетте «Тауқыметтің бір шама татқан дәмін» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тауқыметтің бір шама татқан дәмін,
Мойымастан өмірде тапқан бағын.
Анам ылғи айтушы ед өсиет қып,
«Орынсыз бекер бөсіп мақтанбағын».
- Жақсы адам адал ісін өндіреді,
Ашуын ақылына жеңдіреді.
Әркімнің өз қолында кім болуы,
Жақсы-жаман екенін ел біледі.
Ақылын айтатұғын жалықпастан,
(Ана-жыр, ана-толғау алып дастан)
Ақынжанды болатын менің анам,
Сол қасиет маған да қалыптасқан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері