Жыр жаздым қырық екі әріппенен

Бұл бетте «Жыр жаздым қырық екі әріппенен» атты Жангелді Немеребай жазған поэзия туралы өлең берілген.

Жыр жаздым қырық екі әріппенен,
Зор үміт күткеннен соң халық менен.
Ауылымның жұртына алғысым көп,
Өнерді бойымдағы дәріптеген.
Мұраға бабалардан қалыпты өлең,
Сусындап жырларына қанып келем.
Ақындық ардың отын алаулатып,
Ендеше мен де өзімше жанып көрем.
Мен енді жыр әлемін бетке аламын,
Мұқалмаса болғаны тек қаламым.
Ежелден қазанында сөз қайнатқан,
Алаштың ұлы болсам деп қаламын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері