Бұл тірлік баяны жоқ шиырлаған

Бұл бетте «Бұл тірлік баяны жоқ шиырлаған» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұл тірлік баяны жоқ шиырлаған,
Мұң-зар ғып естіртеді күйін далам.
Келмеске тағы да бір пенде кетті,
Ең құрса жарты ғасыр бұйырмаған.
Сұм ажал қаратпады жағыдайына,
Қалдырып туғандарын сары уайымға.
Өміріне қойылды соңғы нүкте,
Жазыпты-ау келте ғұмыр маңдайына.
Ажалдың амалы жоқ көнді ырқына,
Есімін ұмытпайтын сенді ұлтына.
Мәңгілік мекеніне бағыт алды,
Қалдырып игі істерін ел-жұртына.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері