Кептерлер
Бұл бетте «Кептерлер» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезімнің сепкен нұрын,
Сүйетін көктем гүлін.
Елімнің ерке құсы,
Көрінбей кеткен бүгін.
Көлбайдың кептерлері,
Қонбай жүр көптен бері.
Алысқа қанат қағып,
Оралмай кеткен бе еді.
Жүрегім жылап еді,
Жұбатты жыр әдемі.
Алғашқы махаббаттың,
Сендерсің куәгері.
Көп көрген тағдыр желін,
Сендердей тағдырлы едім.
Бірге ұшып өздеріңмен,
Кеткен -ай бал күндерім...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі