Өміріңді демеймін күйеледім

Бұл бетте «Өміріңді демеймін күйеледім» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өміріңді демеймін күйеледім,
Күйелесем әрине күйер едің.
Арамыздан сезімдер табылмады,
Табылғанда мен «өліп» сүйер едім.
Шын жүректен онда мен сүйер едім,
Сен болмадың өйткені сүйенерім.
Кінәлісің сол үшін дей алмаймын,
Өзімді де келмейді күйелегім.
Шеше алмадым жұмбағын жүрегімнің,
(Кәдімгідей өзіңмен жүре білдім)
Сөйтіп жүріп мен сенен ғайып болдым,
Махаббатын таба аламайгүл өмірдің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері