Жасыдым рас, жасыдым рас кей күндер
Бұл бетте «Жасыдым рас, жасыдым рас кей күндер» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасыдым рас, жасыдым рас кей күндер,
Көңіліме адал қаяу түсіріп бейкімдер.
Сондықтан болар ақынның нәзік жүрегі,
Шуағын күннің сендердей аңсар-ей, гүлдер!
Жасыдым неге, жасыдымнеге таңдарда,
Жандарға кейіп, қуыныш құсы самғар ма?
Отырам кейде ұйқымен түнгі алысып,
Балконнан қарап, сөнбеген үміт шамдарға.
Ал, бірде тасып, келгендей болам «тараптан»,
Шуағын шашып тұрған бір сәтте қарап таң.
Өмірдің мынау саналуан құбылыстарын,
Жыр ету үшін ақын қыла ма Жаратқан.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі