Көп жылдар өтті тынбастан

Бұл бетте «Көп жылдар өтті тынбастан» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көп жылдар өтті тынбастан,
Кездер де кетті қырды асқан.
Күндерді сол бір сағындым,
Өзіңмен талай сырласқан.
Көктемнің сәні гүлмісің?
Көңілде қалған бір мүсін.
Сезімді, ғашық кезімді,
Ұмытты ғой деп жүрмісің...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері