Бұлт жүрек, жасын жарқырап

Бұл бетте «Бұлт жүрек, жасын жарқырап» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұлт жүрек, жасын жарқырап,
Күркіреп келіп жауды жыр.
Сағыныш селі сарқырап,
Барады ағып бал гұмыр...
Қуат беріп бір ғана жылы сөзің,
Шуақ төгіп таратты өлкеме нұр.
Селт еткізіп сендегі ұлы сезім,
Ұйқысынан оянды ерке көңіл.
Шабыт сыйлап жалғыз-ақ жүрек үнің,
Кеудемдегі жайқалтты өлкеме гүл.
Сен бар үшін серпілдім күле бүгін,
Сен бар үшін құлпырды көркем өмір...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері