Ағаны аңсау
Бұл бетте «Ағаны аңсау» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жыр күтіп әр шақта менен,
Демеу боп шаршатпаған ең.
Тірлікте алшақтамап ем,
Бір сәтке өзіңнен аға.
Күніге сұрап хәлімді,
Тілеуші ең гүл атқанымды.
Шешуші ең сұрақтарымды,
Жоқтығың сезілген аға.
Кездерде жаным жылаған,
Тосушы ең барыңды маған.
Сен кетіп тауым құлаған,
Өзіңді сағындым аға.
Ән күтіп әр шақта менен,
Демеу боп шаршатпаған ең.
Шақырып аржақтағы әлем,
Әкетті-ау сағым-ғып аға.
Түсініп тентек ініңді,
Көтердің еркелігімді.
Әй,өмір...
Келтелі, мұңлы
Тағдырға бағындым аға.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі