Түн ұйқысын төрт бөліп
Бұл бетте «Түн ұйқысын төрт бөліп» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Бесігін шайқап тербеген.
Арқалап белін талдырып,
Көтеріп талай терлеген.
Қилы заман көрсе де
Жаманшылық көрмеген.
Есіме алып Анамды
Жырыма қосып тербелем.
Дүниеде не қымбат,
Айтыңдаршы, ағайын?
Ана десем ардақты
Келісесің талайың.
Аяулы асыл Анамды
Жырламай неге қалайын.
Дүниеге әкеліп,
Ашқызған өмір сарайын.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі