Күзгі түн
Бұл бетте «Күзгі түн» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күзгі түн батыс жақтан жел келеді,
Адасқан жапырақтар сенделеді.
Қурайлар мұңдылау бір әнге салып,
Шайқалып күміс терек тербеледі.
Әуезден естіледі қыс хабары,
Табиғаттың заңды бұл нұсқалары.
Алма кезек ауысқан мезгілдермен,
Адамның да өмірі қысқарады.
Баулар да естілмейді құстар әні,
Жылы жаққа себебі ұшқан әрі.
Ауыспалы уақыттың елшілері
Қағидасын қашан да ұстанады.
Күздің түні жел тұрса шуы басым,
Жауынына армансыз жуынасың.
Күз артынан қыс келіп суытса да,
Адамдардың жүрегі суымасын.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі