Той
Бұл бетте «Той» атты Жангелді Немеребай жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Көңілін ашып талайдың,
Ай-хой жүрек тербеген.
Мейрам келіп арай күн,
Бойды шаттық кернеген.
Әсем әнім арналсын,
Елге салтанат құрған.
Тойың тойға жалғансын,
Шашу шашайын жырдан.
Ашық аспаным бүгін,
Мәз боп ғарыш та күлген.
Қосты –ау бастарын бүгін,
Жұртым қауышпай жүрген.
Бейбітшілік сақтаған,
Халқым ғажап бүгінгі.
Қазақпын деп мақтанам,
Тойлап азат күнімді...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі