Ақын ініге

Бұл бетте «Ақын ініге» атты Жангелді Немеребай жазған поэзия туралы өлең берілген.

Тағдырың кейде мұңдылау қылып айтады ән,
Сондай бір сәтте өлеңнен ғана жай табам.
Мені де бір кез улаған гүлдер шоғыры,
Сүрініп кетіп жүгіргемтұрып қайтадан.
Жалықпа бала бесіктенбелің шықпастан,
Шыдамсыз ерден махаббат ерлікқұт қашқан.
Сол гүлдер үшін өмірім талайөрт болып,
Сол гүлдер үшін етіксіз мен де шық басқам.
Ақын ба мұң мен шаттықтыңдәмін татпаған,
(Амалым нешік қарақат көзкөп қаптаған)
Бүгін де саған көріксізболған гүлзарды
Аралап жүріп,абайсыз мен де таптағам..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері