Ақынның сөзі
Бұл бетте «Ақынның сөзі» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арамза сөзбен алдағандықтан,
Аярға беріп мұрсат-ай,
Ақынның тілін алмағандықтан
Арманда кеткен Исатай...
Ақынның сөзі —
Тірліктің дәні,
Табанда қалар басылып,
Танымай жүрген құрлықтың бәрі
Табынар түбі бас ұрып.
Қаншама ақын болды да ғаріп,
Найзаның кетті ұшында,
Абайдың тілін алды ма халық,
Көзінің тірі тұсында?
Бұқардың тілін Абылай алып,
Мағжанның тілін кім алған?
Тарихқа өзі
Мәңгі айналып
Ақынның сөзі сұралған.
Соқырша ерген кей көсемдерге,
Саңырау,
Мылқау ғасырлар,
Ақынға билік бермесеңдер де,
Сөзіне кұлақ асыңдар!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі