Бейну. Ұлутасқа еліктеу
Бұл бетте «Бейну. Ұлутасқа еліктеу» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзімнен өмір зор келіп,
Өзімді өзім қор көріп,
Бейуақыт
Бордай үгіліп,
Болдым да қалдым боркемік...
Айпері аспан — сұлушаш,
Айқұлақтанбай жылу шаш!
Дәл мендей бордан жаралған
Маңғыстаудағы ұлутас.
Уақыттың өзін құндақтап,
Дәуірлерменен бірге аттап,
Осалдан шыққан мықты ғой
Қайтейін тасты құр мақтап.
Маңдайдан жаңбыр өткенде,
Таңдайдан тағдыр өпкенде,
Сол тастан ғана именем
Менен де мықты жоқ деуге!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі