Көңілім – түпсіз көзқалта
Бұл бетте «Көңілім – түпсіз көзқалта» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілім – түпсіз көзқалта –
Топырақ құйсаң толады.
Шауып ажал-әз-балта
Терек-ғұмырым солады.
Тар тәңірісі – шыбын жан
Кеңге ұшып шығады.
Өлең мұңын ұғынған
Өмір мәнін ұғады.
Жариясыз жәйт неше,
Келесің бір келуге –
Пенделік қой, әйтпесе,
Өлім менің теңім бе?!
Жыла, сорлы жүрегім,
Жұбанарлық не қалды?!
Күткен алтынкүрегім
Үшті-күйлі жоғалды!
Тоңы-мұзы ерімей,
Құзарымды қар басты.
Қалған көңіл – келідей,
Келсап – қара албасты...
Сана көркі пәс білем,
Солғындана түсті рең:
Ағын судың астымен,
Тұнық судың үстімен...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі