Досым – күлкі

Бұл бетте «Досым – күлкі» атты Иран-Ғайып жазған достық туралы өлең берілген.

Досым – күлкі,
Таба қылды дұшпаным,
Құжырамда құныс пікір қыстаттым:
Сен біреудің етегінен ұстадың,
Мен біреуге етегімнен ұстаттым.
Жел өшіріп жанған өмір-шырағын,
Өкси-өкси көзі біткен бұлақпын:
Сен біреудің құшағында жыладың,
Мен біреуді кұшағымда жылаттым...
Неге келдік?!
Бұл жалғанда не мән бар –
Жанның кірі жуылар ма жаспенен?!
...Түгімізге түсінбейді Адамдар,
Құлдық ұрған Құдайымыз – Таскерең!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері