Бәрі – өлшеулі
Бұл бетте «Бәрі – өлшеулі» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бәрі – өлшеулі:
Татар дәмің,
Алар дем –
Күлсем қанша,
Сонша жылап-сықтадым –
Жандағы үрей,
Көңілдегі алаңмен
Күн-Жарықтың көлеңкесін ықтадым...
...Тәңіріме құл боп,
Құрақ ұшамын,
Өмір-Өлім зығыр егіп кеудеме!
О Дүние жаяр ма кең құшағын,
Бұ Дүние тарлық еткен пендеге?!...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі