Тынады немен аяғы

Бұл бетте «Тынады немен аяғы» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тынады немен аяғы,
Айтатын кім бар бек пішіп:
Жер –
Көкке зәрін жаяды,
Көк –
Жерге запыран–кек құсып.
Тереңнің түбі көрінді,
Таязы мәңгі көз іліп.
Үлкеннен кіші жерінді,
Ұлыстан ұлыс безініп.
Кеңдіктен өкпем қысылып,
Зардабын шегіп жатырмын.
Жерік асынан ұшынып,
Бұзылды ниеті жаһилдің...
Құл-тірлік шақты миымды,
Жүрек те,
Жан да –
Күңдікте –
Иманын Ғалам үйірді,
Билігі –
Бел мен Кіңдікте!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері