Не зұлматқа да – мақұлмын

Бұл бетте «Не зұлматқа да – мақұлмын» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Не зұлматқа да – мақұлмын,
Қабыссын, мейлі, Жер–Аспан...
Бұзбаңдар жырын Ақынның –
Қуаты Құдіретпен таласқан!
Замананың жұқа қуығы
Жарылардай Уақыт зәрінен.
Дүниенің Алтын Уығы –
Киелі Ол...
Қымбат бәрінен!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері