Құбыл күйге кеткені ме еті өліп
Бұл бетте «Құбыл күйге кеткені ме еті өліп» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құбыл күйге кеткені ме еті өліп –
Өмір қайта өрбиді ме Өліктен?!
Көктем сайын жерден басын көтеріп,
Гүл қауызын қайта ашады неліктен?!
Қайта ашады...
Және қайта жабады –
Түбі шикі тіршіліктің есігін.
Дүние – опасыз...
Таусылғанда амалы –
Хақ-Құдірет жасайды ма кешірім?!
Бәлкім,
Ерек жаратқан ба Тәңірі –
Тағдыр салған көнбестей тар көгенге?!
Уакыттың гүлге жүрген әмірі,
Неге, неге жүрмейді өр еменге!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі