Жан шұрайымды шіріткен
Бұл бетте «Жан шұрайымды шіріткен» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жан шұрайымды шіріткен,
Ет-бауырымды іріткен,
Жүрегімді қан жылатқан –
Қарайсың қышқыл-күдікпен!
Көзің көз бе,
Әлде...
Көңілдің
Қам күйінен мұқап,
Жеңілдің?!
Желігімен арбап жез-тірлік,
Жетегінде кетпе темірдің?!
Туылдың ба екен бағыма,
Туылдың ба екен сорыма?! –
Алтын да
Таза қалпында
Түспейді Адам қолына!
Алтын –тас,
Мен – тас...
Алтыннан
Айырмам:
Таза қалпымнан
Айнымай өле-өлгенше,
Біткенше дүние сарқылман!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі