Астана. Қырау
Бұл бетте «Астана. Қырау» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Астанада түн ауды,
ақ түтек қар шұбаулы,
үрлеп тұрмын деміммен,
әйнектегі қырауды.
Ақ құйынның ұршығы,
көше айналып тыншыды,
қыз ұзатып жатқандай
қарлы боран сыңсуы.
Ұзатылып кеткен кім?
ұзын сонар өткен күн,
ерігені қыраудың
нышаны ма көктемнің?
Жаның күйіп-жанса да,
жосықсызды аңсама,
еріместен жүректе
қайғы жатыр қаншама?
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі