Сарқырама
Бұл бетте «Сарқырама» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сарқырап аққан сарқырамадай бұл сезім,
қалмақшы тіпті сарқыла қалай,
білші өзің?
Арқырап келіп аққанда,
арандай терең шатқалға,
қаныңа қаным құйылды деп біл,
тәніңе тәнім бұйырды деп біл,
көбігін шашып көкірегің шулап жатқанда.
Астаң да кестең ақтүтек судың бораны,
азан да қазан арнаңа сенің соғады,
аймалай соны қарсы алып,
ақберен денең ән салып,
ләззаттан қаның құтырған сайын,
қайғыдан жаның құтылған сайын,
құмарың қанбай жұтынған сайын
мен сені, сәулем, сүйе түсемін соншалық.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі