Тбилиси

Бұл бетте «Тбилиси» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2452
Тбилиси, қалдым саған күз барып,
Тұрып алды үйір-үйір құзда бұлт.
Пушкнн асқан асуларды көрсетпей,
Көлегейлеп бүркей түсті ол қызғанып.
Көп кешікпей күншығыстан таң келіп,
Көкірегін ашты маған тау керіп.
Қарай қалдым келбетіне сол таудың,
Өзім таудан келсем-дағы таң көріп.
Теңбіл-теңбіл көктегі құс жолындай,
Ұйықтап жатқан жолбарыстың жонындай,
Таулар-таулар ұбақ-шұбақ созылған
Руставели өлеңінің жолындай.
Қалдым бәлкім тауды қате ұғынып,
Алып шыңдар тұр ма артында тығылып.
Аласадан басталмай ма биіктік,
Кішкентайдан басталмай ма ұлылық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тбилиси өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тбилиси өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тбилиси өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тбилиси өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері