Мұнарлы тау басында

Бұл бетте «Мұнарлы тау басында» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2938
Ақшамда биігіне Сырымбеттің,
Жүгіріп басқалардан бұрын жеттім.
Мен мұнда тұрғандаймын күнге жақын,
Мен мұнда ұққандаймын сырын көктің.
Кешкі бұлт секілді бір алтын балық,
Қиядан қиялымды тартып алып,
Жүзеді жайлап аспан теңізінде,
Қанаты найзағайдай жарқыл қағып.
Кешкі бұлт кейде дала маралындай,
Маң басып, маңғаз қарап барады жәй.
Кейде бұлт құбылады қанат жайып,
Тотының көктегі бір аралындай.
Кейде бұлт бірін-бірі қуа бермей,
Тұрады қаңтарулы Құлагердей.
Соғады қоңыр самал Сырымбеттен,
Ақанның әнін алған мұрагердей.
Аспандап ұшқан жырмен Ақшоқыдан,
Ақанды бала кезден жатқа оқыған,
Болатын сұлу таулар жаралғандай
Өрімтал Әйгерім мен Ақтоқтыдан.
Өзінен аты жеткен бұрын көпке,
Көтергсн өлең-жырдың туын көкке,
Мен тұрмын Сырымбеттің биігінде
Айқайлап қайта басып Сырымбетке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнарлы тау басында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Мұнарлы тау басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнарлы тау басында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұнарлы тау басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері